Текетіреске толы айқастар мен даңқ үшін күрес! NAIZA JEKPE-JEK лигасының жаңа жобасы. Жекпе-жектердің тікелей эфирі

NAIZA лигасы NAIZA JEKPE-JEK деп аталатын жаңа турнирлер сериясын іске қосты. Бұл жоба кәсіби мансабын енді ғана бастайтын жас жекпе-жек шеберлеріне арналған алаң болады.
Алғашқы турнирде минималды рекорды бар спортшылармен қатар, танымалдыққа ие болып келе жатқан жекпе-жек шеберлері де өнер көрсетті.
Олардың қатарында:
Бегжан «Сабзиро» Абылқасым — NAIZA лигасының чемпионы Бағдат Жубанышқа ашық шақырту жасаған файтер
Ілияс Әлгериев — «Еркін күш» командасының өкілі
Даурен Дәкенов — Универсалды жекпе-жек бойынша әлем чемпионы
Намик Нефталиев — өткен жылғы NAIZA лигасының гран-при жұлдыздарының бірі және басқа да мықты спортшылар.
Тікелей трансляция 20:00–де басталады. Жекпе-жектерді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.