NAIZA жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жекті жариялады

Қазақстандық NAIZA лигасы Тимур Серікұлы мен Тамирлан Саралапов арасындағы жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Қазіргі уақытта бұл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атақ бос. Тамирлан Қостанайдағы турнирде титулды жеңіп алуы мүмкін еді, алайда салмақ дәрежесінің лимитіне сәйкес келмегендіктен, бұл мүмкіндіктен айырылды.
Жекпе-жек маусым айында Семей қаласында өтеді деп жоспарлануда.