Қазақстандық маманы өзбек футболының қарыштап дамып кеткенін айтты
Қазақстандық футбол сарапшысы Ержан Нұрбеков Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының әлеуетін салыстырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Біздің елде де, сіздің еліңізде де футбол бастауын кеңестік мектептен алады. Соңғы жылдары ғана спортшыларды даярлауда жаңа әдістер пайда болып жатыр.
Бұл әдістердің жемісін бере бастағанын көріп жүрміз. Өзбекстанда техникасы мықты футболшылар көп, Қазақстанда басымдық физикалық даярлыққа беріледі.
Тағы бір ортақ мәселе: бізге де, сіздерге де чемпионат деңгейін көтеру керек. Біздің чемпионаттар тым әлсіз, көшбасшыларға төтеп бере алатын командалар өте аз», - деді Е.Нұрбеков.