logo

Стас Покатиловқа екі клуб қызығушылық танытып отыр

Стас Покатиловқа екі клуб қызығушылық танытып отыр

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов «Ордабасы» немесе «Жетісу» сапына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport+

32-жасар ойыншыға «Ордабасыдан» бөлек «Жетісу» клубы да қызығушылық танытып жатқаны жайында ақпарат тарады. Қазіргі уақытта бұл голкипердің құқығы «Тобылға» тиесілі.

Өткен маусымда Покатилов Қостанай клубының сапында 24 матч өткізген. Барлығы 233 ойынға қатысқан қақпашының есебінде 28 матч ұлттық құрама сапында.