logo

Стас Покатилов: Біртұтас механизм сияқты жұмыс істедік

Стас Покатилов: Біртұтас механизм сияқты жұмыс істедік

«Тобыл» қақпашысы Стас Покатилов ҚПЛ-дің 25-турында елордалық «Астанаға» қарсы өткен матчты пікірледі, деп хабарлайды Sport+:

«Матч өте қиынға соқты. Ең бастысы, біз ойын жоспарын орындадық. «Астана» – оңай қарсылас емес, олардың дайындығы жақсы және гол соғатын сәттерді қалай жасау керектігін біледі. Барлық 90 минут бойы мұқият ойнадық. Жігіттер қорғаныста жинақы қимылдады. Біз бәріміз біртұтас механизм ретінде жұмыс істедік. Ойынның қиын болатынын білдік және оған дайын болдық. Үш ұпай алғанымызға өте қуаныштымын. Бұл жеңіс біз үшін маңызды және жанкүйерімізді қуанту және турнир кестесіндегі жағдайды жақсарту үшін аянбай тер төгеміз»