logo

Станислав Черчесов: Қазақстан құрамасы туралы көп нәрсе жазылып жатыр. Мен оны оқып жүрмін

Станислав Черчесов: Қазақстан құрамасы туралы көп нәрсе жазылып жатыр. Мен оны оқып жүрмін

Ресейлік маман Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына тағайындалу мүмкіндігі туралы қауесеттерге пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қазақстан құрамасы туралы көп нәрсе жазылып жатыр. Мен оны оқып жүрмін, бірақ мен осындамын», – деді Черчесов.

Еске салайық, 60 жастағы ресейлік маманның соңғы жұмыс орны венгриялық «Ференцварош» клубы болды, ол клубты 2023 жылдың шілдесінде тастап кетті. Бұған дейін Станислав Черчесов Ресей құрамасын басқарған, сонымен қатар польшалық «Легия», мәскеулік «Динамо», «Амкар», «Терек» (қазіргі «Ахмат»), сочилік «Жемчужина» және «Спартак» клубтарында жұмыс істеген.



Күн шежіресі