logo

«Елімай» футболшысы ҚПЛ-да 200-ші матчын өткізді

«Елімай» футболшысы ҚПЛ-да 200-ші матчын өткізді

34 жастағы «Елімай» қорғаушысы Михаил Габышев алматылық «Қайратқа» қарсы матчта (1:1) Қазақстан Премьер-лигасындағы 200-ші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан Премьер-лигасында Михаил Габышев алғаш рет 2009 жылдың 14 қыркүйегінде Ақтөбеде, «Ақтөбе» — «Шығыс» матчында дебют жасаған. Ол 85-ші минутта Вячеслав Эрбестің орнына алаңға шықты. Жалпы «Восток» құрамында 21 матч өткізді. Сондай-ақ, «Атырау» (тоғыз матч), қарағандылық «Шахтер» (141 матч, алты гол), «Каспий» (15 матч, бір гол) және «Астана» (11 матч, бір гол) командаларында өнер көрсетті. «Елімай» құрамында қазіргі күнге дейін үш матч өткізді.

Премьер-лигада жалпы 200 матч өткізіп, 8 гол соқты.



Күн шежіресі