logo

Станислав Черчесов «Лудогорецтің» ұсынысы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Станислав Черчесов «Лудогорецтің» ұсынысы туралы ақпаратқа түсініктеме берді

15 тамызда болгариялық БАҚ осы жазда Қазақстан құрамасын басқарған ресейлік бапкер Станислав Черчесов жақын арада «Лудогорец» клубының тізгінін ұстау мүмкін деп жазды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ұлттық құраманың бас бапкері бұл ақпаратқа «СЭ» сайтына берген сұхбатында түсініктеме берді:

 «Бұл не деген сандырақ?! Бұл ақпарат қайдан келеді?! „Лудогорецтің“ ешкім маған жүгінбеді, тіпті егер ұсыныс жасаса да, қазір ойларым мүлдем басқаша. Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы алғашқы матчына дайындалып жатырмын. Мен барлығына ақпараттық гигиенаны сақтауды ұсынамын. Тағы да ойланайық: мұның бәрі қайдан келеді?!», - деді бапкер.



Күн шежіресі