logo

Григорий Бабаян «Корвинулмен» ойын туралы: Есепке қарамастан ойын іс жүзінде қиын болды

Григорий Бабаян «Корвинулмен» ойын туралы: Есепке қарамастан ойын іс жүзінде қиын болды

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян румыниялық «Корвинулмен» өткен ойынды қорытындылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

— Есепке қарасаңыз, ойын оңайға түскендей көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде қиын болды, бұл мықты қысым көрсете білетін команда. Біз алғашқы минуттардан-ақ ессіз қысым болатынын білдік, сондықтан матч басталысымен ойынды жеңілдетуге тырыстық, бар күш-қуатымызды қажет ететінін түсіндік, бірақ алғашқы 30 минутта төтеп бергіміз келді. Сонымен қатар, бірінші таймдағыдай қарсыласқа басымдық бергіміз келмеді. Гол соққанымыз жақсы болды, екінші таймда түзетулер енгіздік, бос орын көбірек болатынын білдік, бізде деңгей бар және оны пайдамызға асыруымыз керек болды. Осы айтылғандарды екінші таймда іске асырып, көп гол соғып, лайықты жеңіске жеттік. Өкініштісі, ойыншылар жарақаттанып қалды, кеше жаттығу барысында Ннамди, бүгін Марочкин мен Ян Вороговский ойын барысында жарақат алды. Белгілі бір кадрлық мәселелер бар, біз Еуропада басқа ырғақ, басқа жылдамдық бар екенін білеміз, жиі ұшатынымыз тағы бар. Оның үстіне, «Елімаймен» матч өткізіп, бір топ аяқдопшылар Семейге ұшып кеткендіктен, дайындық тығыз болды, толықтай жаттыға алмадық. Екінші таймда сапалы футбол көрсеткен жігіттерге рахмет. Бізді қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді, осындай керемет атмосферада ойнаудың өзі бір ғанибет, — деді қазақстандық маман.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» алматылық Орталық стадионда румыниялық «Корвинулды» 6:1 есебімен жеңді.



Күн шежіресі