Sport Plus Qazaqstan арнасының директоры Асқат Жақаев: «Біз жай ғана трансляциясы бар арна емеспіз, бұл арнада әр көрермен өзіне қызықты нәрсе табады»
Sport Plus Qazaqstan телеарнасының директоры Асқат Жақаев біздің сайтқа берген сұхбатында арнаның іске қосылуы және жақын арада жүзеге асуға дайындалып жатқан жобалар туралы айтып берді.
- Жаңа арнаның ашылуы өте қысқа мерзімде болды. Ол үшін, ең алдымен, шұғыл түрде мәселелерді шешуге болатын кәсіпқойлар тобы таңдалды. Бастапқыда желтоқсанның алғашқы күндері іске қосу жоспары болды, бірақ біздер жұмысты жалдамдатқанымыз үшін өз командаммен мақтанамын, себебі біз қазан айында арнаны іске қостық. Осылайша «Қазақтелеком» кабельдік операторының желілерінде сынақ режимінде іске қосыла алдық.
Біздің алғашқы трансляциямыз бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі болды. Сол күні шуақты ауа-райы болды, қызықты хабар таратылды, оқиға орнынан алты сағат жұмыс жасадық. Бірақ біз осындай ұзақ жұмысқа дайын екеніміз белгілі болды. Кейін Алматыда дрифт бойынша жарыстардың алты сағаттық көрсетілімі жүзеге асты, эстетикалық гимнастикадан тікелей эфирлер, Жанкош Тұраровтың қатысуымен бокс кеші өтті. Біз жаңа телеарна болғанымызға қарамастан, Жанкош біздің арнамын ынтымақтасуға келісті. Менің ойымша, көрермендер осы трансляцияның арқасында мұндай телеарна бар екенін көрді!
Өткен жылдың аяғында Қазақстандағы Naiza атты ірі промоушенмен ынтымақтастық болды. Менің ойымша, бұл лига соңғы үш жылда дамуда үлкен қадам жасады және жанкүйерлер арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Жекпе-жектері өте қызықты, бәсекелестік және спорттық күресте өтеді. Біздің команда осы турнирдің трансляциясын жасады, сол себепті көрермендер біздің арна туралы көбірек біле бастады. YouTube-те тікелей эфирді 120 мыңнан астам көрермен тамашалады. Менің ойымша, бұл жаңа жоба үшін жаман көрсеткіштер емес!
Біз рейтингтерде әлі өлшенбейміз, бірақ біз әлеуметтік желілерде қазақстандық жанкүйерлерден көре отыра, біздің жұмыс қалай бағалатынын көреміз. Қазақстан лигасынан басқа біздің арна ММА мен бокстан жетекші ұйымдардың турнирлерін көрсетеді.
- Футбол туралы сұрақ. Телеарна қандай чемпионаттар мен жарыстарды көрсетуді жоспарлап отыр?
- Әрине, біз әлемдегі №1 спорт түрі болып табылатын футболды ұмытпаймыз. Біз Нидерланды чемпионатын, Англия, Италия, Франция кубоктарын көрсетіп жатырмыз. Әрине, бәрі құқықтарға байланысты. Болашақта үлкен бес еуропалық чемпионаттың матчтары біздің арнада болады деп армандаймыз, осы жарыстарды көрсету құқығы үшін күресеміз. Біз тек трансляцияларды көрсететін арна болғымыз келмейді, әр көрерменнің өзіне қызықты нәрселерді, яғни сарапшылардың және мамандардың пікірлеріне қол жеткізуге мүмкіндік жасаймыз. Біз Еуроға іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасының соңғы матчтарында сарапшылармен студия құрдық, арнайы бригаданы Словениядағы матчқа жібердік, қызметкерлер ойын өтіп жатырған стадионнан тікелей қосылуды пысықтады, атмосфераны, баспасөз конференцияларын көрсетті, яғни осы мерекеге қатысты болды.
- Көп жағдайды жанкүйерлер комментаторлардың дауыстарына назар аударады. Арнанға қандай комментаторларды жұмысқа тарта алдыңыз?
- Біз телеарнаға танымал комментаторлар Дидар Қадыровты және Айбек Қабылшаны жұмыс жасауға шақырдық - бұл жанкүйерлер білетін медиа-тұлғалар. Олар тек комментаторлар ғана емес, сонымен қатар эфирдің бас редакторлары ретінде қызмет етеді, жаңа дауыстарды іздейді. Маған олардың тәжірибе жасаудан қорықпайтыны, жаңа есімдер табуға тырысқаны ұнайды. Мысалы, баскетбол трансляциясында біз өзіміз ойнаған және спорттың нюанстарын білетін жаңа есімдерді тартамыз. Бізде жарқын жаңа комментаторлар болады деп уәде беремін.