Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалдық кезеңінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында отандасымыз 2025 жылғы әлем чемпионы, бразилиялық Энрике Маркес Родригеспен кездесті.

Бірінші раундта Төлеуғали 4:2 есебімен басым түссе, екінші раундта бразилиялық спортшы 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ал шешуші үшінші раундта Батырхан қарсыласын 11:5 есебімен ұтты.

Осылайша, қазақстандық таеквондошы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, Гран-при турнирінің медальдары үшін күресін жалғастырады.