Алматыда гандболдан әйелдер арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Топтық кезеңнің үшінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан 32:29 есебімен басым түсті.
Осылайша, ұлттық құрама чемпионаттағы үш кездесуінің барлығында жеңіске жетті.
Бұған дейін В тобында отандастарымыз Аустралия мен Үндістан құрамаларын ұтқан болатын.
Топтық кезеңдегі соңғы ойында қазақстандық гандболшылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, бұл доданың қорытындысы бойынша үздік төрт команда 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алады.
