logo

Спорт министрі Қазақстандағы ең ірі ММА промоушендерінің басшыларын қабылдады

Спорт министрі Қазақстандағы ең ірі ММА промоушендерінің басшыларын қабылдады

Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстандағы ММА өкілдерімен кездесуі өткізді, деп хабарлайды Sport+.  

Кездесуге NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала, «Alash Pride» лигасының президенті Әлімжан Бектаев, «Tobet Tope Team» мектебінің негізін қалаушылардың бірі Нұртас Әлімбаев, OCTAGON лигасының басшыларының бірі Павел Берстенев және басқа да мамандар қатысты.

Айта кетейік, жақында ММА-ның Азия ойындарының бағдарламасына енгізілгені ресми түрде жарияланды.  

Sport+ телеарнасы Қазақстандағы ММА-ның негізгі хабар таратушысы болып табылады. Арна қазақстандық NAIZA және «Alash Pride» лигаларының барлық жарыстарын, сондай-ақ әлемдегі ең ірі лигалардың бірі АСА турнирлерін тікелей эфирде көрсетеді.



Күн шежіресі