13 қарашада футзалдан Қазақстан Суперлигасының кезекті турының матчтары өтеді.
Sport+ телеарнасы бірден екі ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Оралда турнирлік кестеде 6-орында келе жатқан «Бәйтерек» Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдайды. Сондай-ақ Теміртауда «Тұлпар» мен «Шымкент» кездеседі.
Оралдағы матч сағат 17:00–де басталады. Теміртаудағы ойын сағат 19:00–де өтеді.
