Примераның турнирлік кестесінің екінші жартысында келе жатқан «Сельта» Испания Кубогындағы жорығын бастайды.
Қарсыласы — Испанияның деңгейі жағынан төртінші лигасында өнер көрсететін «Саламанка». Виго командасы бұл кездесуге төрт матч қатарынан жеңіске жете алмай келеді. Оның үшеуі Испания чемпионатында, біреуі Еуропа лигасында тіркелді.
Осылайша, Клаудио Хиральдестің шәкірттеріне өз жанкүйерлерінің алдында есесін қайтаруға жақсы мүмкіндік туып отыр.
Командалар өз тарихында тек бір рет кездескен. 2024/25 жылғы маусымда Испания Кубогының екінші кезеңінде «Сельта» 7:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Кезекті кездесу 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні сағат 01:00–де өтеді.
Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ Sportplustv.kz сайтынан көруге болады.
