Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы жолдастық кездесуде беларусьтік құрдастарынан минималды есеппен жеңілді, деп хабарлайды Sport+.

Кездесу Беларусь құрамасының пайдасына 0:1 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз гол 72-минутта соғылды. Жеңіс голының авторы Марк Кононов атанды.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы қарсылас қақпасына гол соға алмай, минималды есеппен жеңіліс тапты.

Қазақстан U-21 — Беларусь U-21 — 0:1

Гол: Марк Кононов, 72.