Испания Кубогының 1/64 финалында «Навалькарнеро» мен «Бетис» кездеседі. Матч екі апта бұрын өтуі тиіс еді, алайда Испаниядағы қаралы күндерге байланысты 12 қарашаға ауыстырылды.
Алаң иелері Испанияның деңгейі жағынан төртінші дивизионы саналатын Сегунда Федерасьонда жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді. Ал «Бетис» — Примера көшбасшыларының бірі әрі Чемпиондар лигасының қатысушысы.
Матчтың кейінге шегерілуі құрамға қатысты елеулі қиындықтар туғызды. «Бетистің» бірден тоғыз футболшысы ұлттық құрамаларына аттанды. Олардың қатарында Абде, Пэрротт, Рока, Вальес және Деосса бар.
Матч сағат 23:00–де басталады.
Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.
