«Женис» 50 жастағы украиналық маман Андрей Демченкомен команданың бас бапкері қызметіне келісімшарт жасасқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демченко өткен жылдың жазында «Женис» командасын басқарған. Маманның жетекшілігімен елордалық команда 17 матч өткізіп, 8 жеңіске жетті, 6 рет тең ойнап, 3 рет жеңіліске ұшырады. Сол жылдың желтоқсан айының басында бапкер клубтан кетті.

Демченконың соңғы жұмыс орны Әзербайжанның «Араз-Нахчыван» клубы болды. Оның жетекшілігімен команда 17 матч өткізіп, 6 жеңіске жетті, 2 рет тең ойнап, 9 рет жеңіліске ұшырады.

Сонымен қатар Антон Чичулин мен Олег Воскобойников өз қызметтерін сақтап, команданың бапкерлер штабындағы жұмысын жалғастырады.