«Ордабасы» футбол клубы Украина ұлттық құрамасының 28 жастағы жартылай қорғаушысы Алексей Гуцулякпен екі жылдық келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алексей Гуцуляк — «Карпаты» футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабында Украинаның «Карпаты», «Десна», «Днепр-1» және «Полесье» клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2016 жылы Испанияның «Вильярреал» командасында ойнаған.
Украина Премьер-лигасында 226 матч өткізіп, 52 гол соққан және 32 нәтижелі пас берген. Ал кәсіби мансабында барлығы 280 кездесуге қатысып, 56 гол мен 36 нәтижелі пастың авторы атанған.
2024 жылы алғаш рет Украина ұлттық құрамасының сапында алаңға шықты. Содан бері ұлттық команда үшін 16 матч өткізіп, 6 гол соққан.
