Соня Жиенбаева: Қазақстанда қолдау керемет
Қазақстандағы жастар арасындағы ең мықты теннисші Соня Жиенбаева Sport + тілшісіне берген сұхбатта өз жоспарлары, Қазақстан мен Германиядағы дайындық айырмашылығы және қазақ тілі жайында айтты:
- Командаға жанкүйер боламын. Жоспар бойынша, менде екі Фьючерс және Түркияда маусым алдындағы дайындық болған еді. Келесі маусымда да ересектер арасында көбірек ойнағым келеді – Фьючерс және WTA. Осы мақсатқа ден қойып, келесі жылы сәуірде Билли Джин аясында Қазақстан құрамасында ойнаймын деген үміттемін.
- Көп жыл Германияда өмір сүрдіңіз. Екі елдің теннисінде қандай айырмашылық бар?
- Германияда жастар арасындағы бірнеше жаттығу жиынына қатыстым. Ол жақта бәсекелестік жақсы, ал Қазақстанда қолдау керемет.
- Қазақ тілін үйреніп жүрсіз бе?
- Бала кезімде қазақша жақсы сөйлейтінмін. Кейін жүрген ортамның тілі басқа болды. Енді қайтадан тіл білімімді толықтырып жүрмін.