Юлия Путинцева: Менің кортқа шықпауым - капитан шешімі
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Sport+ сайтына берген сұхбатында құрама капитаны Юрий Щукиннің өзін Оңтүстік Кореямен матчқа қоспауына қатысты пікірін білдірді.
«Бізде капитан бар, бұл - оның шешімі. Кеше Заринамен бірге жаттығу жасадық, ол өте жақсы формада. Зарина өзін көрсетуге әбден лайық деп санаймын»
- Сізде құрама сапында 19 жеңіс бар, Галина Воскобоевада – 20, бұл Қазақстан құрамасының рекорды. Бұл статистикадан хабарыңыз бар ма еді?
- Шынымды айтсам, бұл туралы білмеппін, айтқаныңызға рахмет. Енді Юрий Щукин мені ойынға қосуы міндетті.