Елена Рыбакина өзін сынағандарға жауап берді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өзін сынағандарға және қазіргі спорттық қалпы жайында айтты, деп хабарлайды Sport +:
«Шынымен де, әңгіме өте көп. Бірақ мені қолдайтын адамдар да аз емес. Өкінішке қарай, мен екіге бөліне алмаймын. Халім нашар болса, кортқа шығу туралы әңгіме тіпті болмайды. Қазір мінсіз болмаса да, жақсы дайындықпен келдім. Менің ойым: барыңды салып ойнасаң, әрі қарай өтуге, жеңуге де мүмкіндік бар»
Рыбакина Қазақстан құрамасының сапында Билли Джин плей-офф кезеңінде Оңтүстік Корея матчына қатысады.