Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Жастар арасындағы әлемдік рейтингте 47 орындағы Соня Жиенбаева Испанияның Вильена қаласында өткен ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaq stan
Қазақстан теннис федерациясының ақпаратына сәйкес отандық теннисші жарыстың бірінші ракеткасы бельгиялық Жульен Вандромды (33 ITF Juniors) 7:5, 6:0 есебімен жеңген.
Бұл Соняның ITF Juniors санатындағы жеке сында осымен жетінші жеңісі.
«Өте ауыр матч болды, жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Қарсыласты жеңу үшін үздік ойынды көрсету керектігін білдім, өйткені бельгиялық теннисші топырақ төсеніште жақсы ойнайды. Бәрі ойдағыдай болып, 2024 жылғы алғашқы титулыма қол жеткізе алғаныма қуаныштымын» - деді Соня Жиенбаева.