logo

Софья Самоделкина – Denis Ten Memorial Challenge турнирінің күміс жүлдегері

Софья Самоделкина – Denis Ten Memorial Challenge турнирінің күміс жүлдегері

Софья Самоделкина Қазақстан туы астында өткен мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирде алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Астанада өткен Denis Ten Memorial Challenge турнирінде әйелдер арасында еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетулер өтті.

Қысқа бағдарламадан кейін Самоделкина 63,84 ұпай жинап, үшінші орында болған. Еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы екінші орынға көтерілді. Ол екінші бағдарлама үшін 125,83 ұпай алып, жалпы 189,67 ұпаймен күміс жүлдені иеленді.

Жекелей сында 2023 жылғы Еуропа чемпионы, Грузия атынан өнер көрсететін Анастасия Губанова жеңіске жетті (195,91). Қола жүлдені италиялық Лара Наки Гутманн (188,86) иеленді.

Сайыстар «Барыс Аренада» өтуде. Бүгін, 5 қазанда, ерлер арасындағы жекелей мәнерлеп сырғанаудан жеңімпаздар анықталады.



Күн шежіресі