Софья Самоделкина Гран-при кезеңінде төртінші орын алды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Түркияның Анкара қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңінде 174,58 ұпаймен төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жүлделі орынға шығу үшін спортшыға сегіз ұпай жетпей қалды. Жарыста жеңіс оңтүстіккореялық Юсон Кимге бұйырды.
Бұл турнир Софья Самоделкинаның Қазақстан атынан қатысқан алғашқы халықаралық жарысы болды. Бұған дейін ол Ресей атынан сынға түсіп келген. Қазіргі уақытта Самоделкина қазақстандық бапкер Эльмира Тұрғановамен бірге жаттығуда.