logo

Шетелдік клубта қаралымда болған қазақстандық «Таразға» өтті

Шетелдік клубта қаралымда болған қазақстандық «Таразға» өтті

18 жасар жартылай қорғаушы Димаш Серікұлы «Таразбен» келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойыншы «Екібастұзбен» болатын ойынға ойыншылардың тізіміне кірді.

Бұған дейін ойыншы кипрлік «Красава» клубында қаралымда болған еді. 

Өткен маусымда Димаш QJ лигада 21 матч өткізіп, 11 гол соқты және үш голдық пас берді.