Манчестер Юнайтед Англия Кубогының 1/8 финалына шықты (видео)

Ағылшын Кубогының 1/8 финалына жолдама алған «Манчестер Юнайтед» 4-раунд аясында «Лестер Ситиді» жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Матч 2:1 есебімен аяқталды.
Ойынның есебін 42-минутта «Лестер Сити» сапындағы ямайкалық жартылай қорғаушы Бобби Декордова-Рид ашты. Ол «Манчестер Юнайтед» қақпашысы, камерундық Андре Онананы қапы қалдырды.
Екінші таймда «қызыл шайтандардың» нидерландтық шабуылшысы Джошуа Зиркзе 68-минутта таразы басын теңестіріп, есепті 1:1 қылды.
Ал «Манчестер Юнайтед» орталық қорғаушысы Гарри Магуайр 93-минутта жеңісті голды соғып, дат қақпашысы Мадс Хермансеннің қақпасына шешуші соққы жасады.