«Шахтер» грузиндік легионерді сапында қалдырды
Қарағандылық «Шахтер» грузин қорғаушысы Антон Толордавамен келісімшартты ұзартқанының жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Өткен маусымда футболшы 23 ойын өткізіп, екі гол соғып, «Шахтердің» негізгі футболшыларының бірі болды.
Толордава «кеншілерге» 2023 жылдың басында қосылды. 27 жастағы футболшының мансабында сербиялық «Раднички» (Ниш), грузиндік «Телави», «Цхинвали» және эстондық «Левадия» сияқты клубтар болды.