logo

Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

18 жасар қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Мадридте өтіп жатқан ITF W15 сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

WTA рейтингінде 781-орында тұрған Жиенбаева ширек финалда турнирдің үшінші ракеткасы, америкалық Эми Жуды (WTA 532) 7:6 (7:0), 6:4 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Соня швейцариялық Дженни Дерстке (WTA 419) қарсы ойнайды.



Күн шежіресі