logo

Сандуғаш Кенжебаева Анталия ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Сандуғаш Кенжебаева Анталия ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дүниежүзілік рейтингіде 1 171-орында тұрған қазақстандық жас теннисші ширек финалда әлемнің – 660, осы жарыстың 2-ракеткасы, германиялық Наталия Сидлискамен сынға түсті.

Бірінші партияда германиялық спортшы бет қаратпады – 6:1. Есесіне екіншісінде Сандуғаш тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:3). Шешуші, үшінші сетте қазақстандық теннисші шеберлігін көрсете білді – 6:4. 

Сандуғаш Кенжебаева финалға шығу үшін әлемнің 788-інші, доданың 7-ракеткасы, 18 жастағы марокколық Ая Эль-Аунимен таласады. 



Күн шежіресі