Алибек Булешевтің қызы Албаниядағы теннис турнирінде жеңіске жетті
Албанияда 16 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Tennis Europe сериясының үшінші санатындағы турнир өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Линара Булешева мен Медина Өтепберген жұптық сында жарысты жеңіп алды. Финалда қазақстандықтар итальяндық Иецца/Маффиден 6:2, 4:6, 10:2 есебімен басым түсті.
Жекелей сында Линара финалға дейін жетіп, түркиялық Сера Хасанбасоглуға 3:6, 3:6 есебімен жол берді.
Еске салайық, Линара спорттық отбасынан шыққан, ол Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Алибек Булешевтің қызы.