logo
Live

Зарина Дияс екі жылдан кейін жеңіспен тенниске қайта оралды

Зарина Дияс екі жылдан кейін жеңіспен тенниске қайта оралды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өткен ITF сериясының турнирінде өз жорығын бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дияс бірінші айналымда Үндістан өкілі Рутуя Бхосалені екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Бұл Заринаның екі жылдық үзілістен кейінгі алғашқы матчы. Жанкүйерлер соңғы рет Заринаның өнерін 2022 жылы Ролан Гаррос жарысында көре алды.