Сандуғаш Кенжебаева әлемдік рейтинге жоғарылады
28 қазан күні әйелдер теннис қауымдастығының рейтингі жаңартылды. Қазақстан теннисшілерінен ілгері жылжыған 19-жасар Сандуғаш Кенжебаева болды, ол 22 орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport+.
Кенжебаева 888-орыннан 866-ға көтерілді, оның еншісінде 28 ұпай бар. Қазақстанның бірінші ракеткасы ретінде Елена Рыбакина қалды. Ол бесінші орында. Юлия Путинцева 28 сатыда. Жібек Құламбаева 322-орында, Зарина Дияс — 388-ші.
Әлемнің бірінші ракеткасы санатында Арина Соболенко (Беларусь) қалды.