Елена Рыбакина бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасымен бірге жаттығу өткізді
Әлемнің бесінші ракеткасы, Қазақстан өкілі Елена Рыбакина бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы, румын теннисшісі Симона Халеппен бірге жаттығу өткізді, деп хабарлайды Sport+.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Тенниске оралдым. Симона Халеппен тамаша жаттығу өткіздік», — деп жазды Рыбакина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, WTA баспасөз қызметі Уимблдон-2022 чемпионының 2-9 қараша аралығында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтетін WTA-ның қорытынды турниріне қатысатынын жариялаған болатын.