logo

Қазақтың жас теннисшісі Әмір Омарханов Кореяда чемпион атанды

Қазақтың жас теннисшісі Әмір Омарханов Кореяда чемпион атанды

Оңтүстік Кореяның Ванджу қаласында теннистен жасөспірімдер арасында ITF J300 турнирі өтті, деп хабарлайды Sport +.

Оған қазақстандық спортшылар да қатысты.

Жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары, қазақстандық Әмір Омарханов пен кореялық Хойонг Рох топ жарды. Олар финалда корт иелері Йенсу Джейонг - Джангжун Кимді айқын басымдылықпен ұтты - 6:2, 6:2.

Қыздар арасында Мәлика Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жұптық сында финалға дейін жетті. Олар соңғы, тартысты бәсекеде кореялықтар Йесунг Чо - Су Джонгқа есе жіберді - 6:1, 5:7, 8:10.

Жекелей сында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш басында тұрған Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, кореялық Хойонг Рохқа жол берді - 4:6, 1:6.



Күн шежіресі