logo
Live

Санатәлі Төлтаев: Жоспарым – кәсіпқой боксқа ауысу

Санатәлі Төлтаев: Жоспарым – кәсіпқой боксқа ауысу

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Sport Plus Qazaqstan арнасында берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысуға шешім қабылдағаны туралы айтты.

- Алдағы жоспарым – кәсіпқой боксқа ауысу. Алланың қалауымен бұл деңгейдегі дебютімді мамыр айында өткіземін. Негізі Белградта өткен Әлем чемпионатынан кейін ауысамын деген ой болған, бірақ менің бапкерім алдымен Олимпиадада бағымызды сынап көрейік деген еді. Содан кейін шешімді асықпай қабылдармыз деген келісім болды. Енді қазір менің салмағымдағы лицензияға басқа боксшы таласатын болғандықтан, мен кәсіпқой боксқа ауысуды шештім. Қандай бокс кешінде, қарсылас кім болады – оның бәрін алдағы уақытта жария етеміз.

Санатәлі Төлтаев 2021 жылы (Белград, Сербия) және 2023 жылы (Ташкент, Өзбекстан) өткен бокстан екі Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында өнер көрсетті.