logo

Санатәлі Төлтаев ағайынды Кличколарға теңеу туралы

Санатәлі Төлтаев ағайынды Кличколарға теңеу туралы

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Sport Plus Qazaqstan арнасында қонақта болып, ағайынды Төлтаевтардың Кличколарға теңеуі туралы айтып берді.

- Аллаға сансыз шүкір. Иә, бізді Олимпиада чемпиондары болады деген үміт болды, ағайынды Кличколарға теңеген кездер болды. Бірақ бұл - өмірғой, Алла бермесе, онда қуалап тұрып талпынсанда жете алмайсын. Осындай дәрежеге жеткенімізге шүкіршілік етеміз. Ел ішінде 60 және 63 келі салмақтарда тізгінді ұстап жүргенімізге шүкір. Саматәлі неге Олимпиадаға бара алмай қалды? Себебі 60 келі салмақты Олимпиададан алып тастады. Ал 63 келіде бағымды сынап көруге менің салмағым өсіп кетті, - деді спортшы.     

Санатәлі Төлтаев 2021 жылы (Белград, Сербия) және 2023 жылы (Ташкент, Өзбекстан) өткен бокстан екі Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында өнер көрсетті.

Сұхбаттың толық нұсқасы: