Сабина Алтынбекова шетелдік клубтың капитаны атанды
Сабина Алтынбекова Индонезиялық Yogya Falcons клубының капитаны атанды, деп хабарлайды Sport+.
28-жасар волейболшы бұндай жауапкершілікті алғаш рет алып тұрған жоқ.
«Мен үшін Yogya Falcons капитаны атану - зор құрмет. Командама білдірген сенім үшін алғыс айтамын. Бұған дейін капитан рөлін атқарып көргендіктен, бұл үлкен жауапкершілік екенін түсінемін. Бүгін алғашқы ойынды өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Қателіктер де болды, енді 2025 жылғы кәсіби лигаға дайындаламыз. Әрі қарай тек күшейе түсеміз», — деді Алтынбекова.