logo

26 жыл бойы Волейбол федерациясын басқарған Нұртай Әбіқаев қызметінен кетті

26 жыл бойы Волейбол федерациясын басқарған Нұртай Әбіқаев қызметінен кетті

Қазақстан волейбол федерациясында басшы ауысты, деп хабарлайды Sport +.

Бұған дейін федерацияда 26 жыл бойы президент лауазымын атқарып келген 77 жастағы Нұртай Әбіқаев ақыры орнын босатты. 

Федерацияның есептік-сайлау конференциясында 2028 жылға дейін федерация тізгінін ұстайтын адам анықталды. Негізі бұл сайлауға үш үміткер қатысты:

  1. Амандық Баталов;
  2. Мәди Такиев;
  3. Бақытжан Байтөреев.

Сайлау нәтижесінде басым дауыспен қаржы министрі Мәди Такиев федерация президенті болып сайланды.