Рыбакинаның Мадрид турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды
Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан WTA Mutua Madrid Open турниріндегі қазақстандық Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Турнирдің екінші айналымында Рыбакина итальяндық Люсия Бронзеттимен бақ сынайды.
Бронзетти бірінші айналымда Франция өкілі Варвара Грачевадан 6:3, 6:3 есебімен басым түскен еді. Кездесу бір сағат он минутқа созылды.
Естеріңізге салсақ, Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жуырда Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің чемпионы болған.