Александр Шевченко Мадридте әлемнің 3-ракеткасымен кортқа шығады
Қазақстанның екінші, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына өтті, хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 77-ракеткасы, франциялық Артур Риндеркнешпен шеберлік байқасты.
Бірінші партияны Шевченко брейкпен бітірді - 6:4.
Екіншісінде есеп 5:5 болған мезетте франциялық спортшы брейк жасап кетті - 7:5.
Есесіне матчты Шевченко брейкпен тәмамдады - 6:4.
Екі сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 3 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Артур 5 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.
Александр Шевченко үшінші айналымға шығу үшін әлемнің үшінші, осы жарыстың 2-ракетасы, Испания өкілі Карлос Алькараспен таласады.