Мадридте «Мастерс» турнирінің іріктеу ойындары басталды. Турнир ұйымдастырушыларынан уайлд-кард алған 16 жасар Амир Омарханов дүниежүзінің 86-ракеткасы испандық Роберто Баутиста Агутқа қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
ITF жастар әлемдік рейтингінде 13-орын алатын қазақстандық алғашқы партияда 2:1 есебімен алға шыққанымен, әлемнің бұрынғы тоғызыншы ракеткасының тәжірибесі үстем болды. Агут партияны 6:2 есебімен ұтып алды. Екінші сетте Амир бір гейм алды, бірақ испандық 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Омарханов 16 жасында осындай беделді турнирге қатысқан алғашқы қазақстандық болып тарихта қалды. Бұл оның АТР турниріне алғаш рет қатысуы. Ұйымдастырушылар жас қазақстандықтың прогрессін бағалап, оған арнайы шақырту жасады.