Елена Рыбакина: Штутгарттағы жеңіс сенім берді, бүкіл маусымды жоғары деңгейде ойнауға үміттенемін
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 санатындағы жеңістен кейін Мадридте дайындығын бастап, Испания астанасындағы турнирге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Штутгарттағы жеңістен өте қуаныштымын! Турнир барысында, алғашқы раундтан бастап, күрделі үш сеттік ойындар болды. Ең қиын ойын — жартылай финалда Ига Швентектімен болғандықтан, финал алдындағы күні менің бүкіл денем ауырды, бірақ қалпыма келіп, шешуші ойынға жақсы дайындалып, жеңіске жеттім, ал көлік мен үшін жағымды бонус болды! Шын мәнінде, Штутгарттағы турнирдің алдында қандай да бір күтілімім болған жоқ. Тек көбірек матч ойнағым келді, себебі грунтта дайындық ұзаққа созылмады. Бірақ енді Штутгарттағы жеңіс сенім берді және мен бүкіл маусымды осы жоғары деңгейде ойнауға үміттенемін. Мадридке ұшып, мұнда өтетін турнирге дайындықты бастадым. Мұндағы турнирлік мақсаттарым жайлы айтсам, мен әрдайым өзіме сенемін. Бірақ бәрі тек маған ғана байланысты емес — мұнда көптеген үздік, күшті теннисшілер ойнайды. Бірақ мен өзімді сергек сезінемін, физикалық жағынан да жақсы дайындалдым», - деді Рыбакина.
Еске сала кетейік, Елена алғаш рет мансабында Штутгарттағы WTA-500 турнирін жеңіп, грунттық маусымның басталуындағы ең ірі жарыста топ жарды.