Рыбакина Абу-Дабиде жартылай финалға шықты

Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы Абу-Даби турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
Ширек финалда Рыбакина Тунистің өкілі Онс Жаберді 6:2, 4:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.
Жартылай финалда ол Токиода өткен Олимпиаданың жеке разрядтағы чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.
Қазақстандық теннисші бұл турнирдің қазіргі чемпиондар қатарында.