Дмитрий Попко Аргентинадағы «Челленджер» турнирінің алғашқы айналымынан өте алмады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко аргентиналық Росарио қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің алғашқы айналымында ойнады, деп хабарлайды Sport+.
Турнирдің бастау матчында Попко (АТР 207) аргентиналық Андреа Коллариниге (АТР 213) 1:6, 4:6 есебімен жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
Колларинидің келесі қарсыласы италиялық Франческо Пассаро болмақ.