Елена Рыбакина: Жаңа бапкеріммен жаңа жетістіктерді күтемін
Әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Горан Иванишевичпен қысқа мерзімді ынтымақтастықтан кейінгі қоштасуын пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
Рыбакина мен Иванишевич 2024 жылдың соңында жұмысын бастаған еді, алайда Australian Open турнирінен кейін қаңтар айында олардың серіктестігі аяқталғаны жарияланды. Еленаның жаңа бапкері итальяндық Давиде Сангвинетти болды.
— Бұл менің жолымның қалыпты бір бөлігі. Ол тарау жабылды, енді мен жаңа бапкеріммен жаңа жетістіктерді асыға күтемін, — деді Рыбакина Emirates247.com сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, бүгін Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтетін турнирде чемпиондық атағын қорғау жолын бастайды. Ол екінші айналымда әлемнің 68-ракеткасы, америкалық Кэти Волынецпен кездеседі.