Қазақстандықтар Tennis Europe рейтингінің үздіктер қатарына енді

Қазақстандықтар Tennis Europe рейтингінің үздіктер қатарына енді

Tennis Europe (TE) теннис ұйымы 14 жасқа дейінгі үздік ойыншылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Ахмади Маханов жоғары 13-орында қалды, ал Хақназар Жеткербай екі сатыға көтеріліп, 28-орынды иеленді. Ахмади мен Хақназар – Ақтөбе теннис мектебінің тәрбиеленушілері.

Алматы теннис мектебінің тәрбиеленушілері Амир Асқар, Тамина Сәкен және Амина Нұрмахан да жақсы нәтиже көрсетті. Амир Асқар өткен аптамен салыстырғанда 18 орынға көтеріліп, TE рейтингінде 56-орынды иеленді. Қыздар арасында ТОП-100 қатарына Тамина Сәкен – 83-орын және Амина Нұрмахан – 87-орынмен енді.



Күн шежіресі