РТФ вице-президенті Селиваненко: «Рыбакинаның «Үлкен Дулығаға» қол жеткізуге тамаша мүмкіндігі бар»
Ресей теннис федерациясының Вице-президенті Алексей Селиваненко Sport Plus Qazaqstan порталына берген сұхбатында Елена Рыбакинаның Брисбендегі (Аустралия) турнир финалындағы жеңісіне баға берді, сондай-ақ Соболенконың өз ойын көрсетуіне кедергі келтірген факторды атады.
Матч қорытындысы өзі туралы айтады. Әлбетте, Соболенко өзінің әдеттегі ойынын көрсете алмады және жамбас жарақатына байланысты кортта ыңғайсыз сезінді. Рыбакина үшін жаңа маусымның бірінші турнирінде жеңіске жету керемет эмоционалды әсер алып келді. Еленаның дулыға алу мүмкіндігі? Ол Аринамен және турдың басқа көшбасшыларымен бірге ең үлкен турнирлерде жеңіске жетуге жоғары мүмкіндігі бар үміткерлерінің бірі, - деді Селиваненко.
Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина Брисбендегі (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалында Арина Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен жеңді.