Тоқаев Елена Рыбакинаны WTA 500 турниріндегі жеңісімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Брисбендегі (Аустралия) турнирдегі жетістікпен, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Қасым-Жомарт Тоқаев атақты теннисші, Уимблдон чемпионы Елена Рыбакинаны Аустралиядағы беделді турнирде сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер тіледі», - деп жазды Берік Уәли Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина Брисбен қаласындағы (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалында Арина Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен жеңді.
Брисбендегі аталмыш кубок қазақстандық теннисші үшін 2024 жылғы алғашқы ірі жеңіс болды.