logo

Рыбакина ширек финалға шығу туралы: «Мен мұнда уақыт өткізуге қуаныштымын және өзімді керемет сезінемін»

Рыбакина ширек финалға шығу туралы: «Мен мұнда уақыт өткізуге қуаныштымын және өзімді керемет сезінемін»

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (№4) бельгиялық Элиза Мартинесті жеңгенінен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

-Брисбендегі атмосфера - тамаша. Жанкүйерлерге рахмет. Мен мұнда уақыт өткізуге қуаныштымын және өзімді керемет сезінемін. Дәл солай соңына дейін болады деп үміттенемін, - деді Рыбакина ойыннан кейін.

Естеріңізге сала кетейік, екі жиынның қорытындысы бойынша Рыбакина Элиза Мартинесті 6:1, 6:0 есебімен жеңді. Аталмыш кездесу 1 сағат 13 минутқа созылды.